қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.02.2022

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

 

2022 жылдың 15 ақпан айында Ауған соғысының аяқталуына 33 жыл толуына орай Тарих және құқық институтында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

 

Аталмыш шараның басты мақсаты - жас ұрпаққа өз отанын сүюге тәрбиелеу, және қазақстандық қоғамның тұрақтылық, бірлік және төзімділік сияқты басты құндылықтарды сіңіру.

 

Кездесуге подполковник Ибрахим Құрманбек, ауған соғысы ардагерлері - полковник Егемберді Әбілқасымов, «Көк байрақ» бірлестік ұйымының төрағасы Ауез Бисембаев, ауған соғысы ардагері, саясаттану және әлеуметтік философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков, құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Сергазы Құсаинов шақырылды.

 

Кездесу барысында институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев қонақтарды таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Ауған соғысы ардагерлері майдан даласындағы күндерін еске алып, елге оралғаннан кейінгі әр күні қорқынышқа толған өмірлері туралы әңгімелеп, студенттердің зиянды әдетке әуес болмай, Отанын сүйер азаматтары болуға шақырды.

 

Студенттер күмбірлеген күй ойнап, патриоттық әндерін шырқап кеш қонақтарына өз алғыстарын білдірді.