қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
20.12.2021

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Абай атындағы ҚазҰПУ сыйлық жасады

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор К.А. Мамидің бастамасымен басылып шығарылған «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» атты 2 томдық академиялық курсының 10 данасын Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапхана қорына сыйға тартты.


Академиялық курс «Құқықтану» мамандығының білім алушылары үшін баға жетпес оқулық екені белгілі. Аталған туынды отандық ірі заңгер-ғалымдардан тұратын авторлық ұжым дайындалған, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы оқу пәнін терең оқытуда пайдаланар құнды сый болды.