Main
News
10.12.2021 Магистрант-аудармашылардың педагогикалық практиканың нәтижелері
Филология ғылымдарының докторы, профессор А.К. Жұмабекова жетекшілігімен «7М02302 - Аударма ісі» мамандығының 2 курс магистранттары 2021 жылдың 8 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында педагогикалық практикадан өтті (мерзімі магистранттар қараша айында Түркияда ғылыми тағылымдамадан өтуіне байланысты өзгерілді). Тәжірибе базасы ретінде бакалавриат болды: магистранттар Филология және көптілді білім беру институты Шығыс филологиясы және аударма ісі кафедрасының «6В02302 - Аударма ісі» мамандығының 1 және 2 курс студенттердің сабақтарына қатысты.
Алғашқы конференция 2021 жылдың 8 қарашасында өтті: магистранттарға педагогикалық практиканың мақсаттары, міндеттері және құрылымы түсіндірілді. 19 қарашадан бастап магистранттар ашық сабақтар өткізе бастады. Педагогикалық іс-тәжірибе бағдарламасының талабы бойынша олар ашық сабақтарға қатысып, баға берулері керек еді. Барлық магистранттар ағылшын тілінде ашық сабақтар өткізді: Тусупова Жанар - «The lost generation writers: Fitzgerald, Hemingway» , 19.11.21; Тлендиев Ардақ - «Translation of realia», 26.11.21; Қайырбекова Әйгерім - «Languages of translation. Directions of translations», 29.11.21; Насибуллина Зульфира - «Stylistic features of translation», 3.12.21 және Балтақара Арай - «Patent. Patent translation», 3.12.21.
Қорытынды конференцияда магистранттардың бағалары жарияланып, тәжірибе бойынша құжаттамалары тексерілді. Магистранттар теориялық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, сабақ беруде жақсы тәжірибелік тәжірибе жинақтады және болашақта бакалавриат пен колледж деңгейінде аударма пәндерін оқытуға дайын!
|