қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.12.2021

Біздің университет білім беру жобаларының Халықаралық Жәрмеңкесінің қатысушысы болып табылады

 

2021 жылғы 7 желтоқсанда «Орыс тіліндегі диалогтар» халықаралық білім беру және әлеуметтік-мәдени жобалар жәрмеңкесінің телекөпірі өтті.


Жобалар Жәрмеңкесі Ресей Федерациясы Білім министрлігінің бастамасымен және қолдауымен өтті. Бұл жобаны Вятка мемлекеттік университетінің және «Познание» білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының (Ресей, Киров қ.) қызметкерлері жүзеге асырды.


Абай атындағы ҚазҰПУ шараның бірлескен ұйымдастырушысы - университетімізден Жәрмеңкенің ұйымдастырушысы Филология және көптілді білім беру институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева болды.


Бұл ауқымды шараның оффлайн алаңы академик Бободжон Гафуров атындағы Худжанд мемлекеттік университеті (Тәжікстан) болды, онда жәрмеңкенің ресейлік ұйымдастырушылары келді. Сербия Республикасының, Ресейдің, Қазақстан мен Тәжікстанның әртүрлі қалалары мен ауылдарынан келген онлайн қатысушылар бірнеше номинациялар бойынша өз жобаларын ұсынды. Жәрмеңкенің трансляциясына 250-ден астам тыңдарман қосылды.


Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері екі баяндама ұсынды. «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранты Ақгүл Жаулыбай (ғылыми жетекшісі - доцент Зинаида Поляк) «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында әлеуметтік желілерді пайдалану» жобасы аясында жасаған бейнеролигін көрсетті. Математика және физика институтының 1 курс студенттері Айгүл Ербосынова мен Жанала Бершімбаева (ғылыми жетекшісі - аға оқытушы Бибіжан Әбуова) «Оқу лагерінде орыс тілін үйрену («Спутник» оқу лагері үлгісінде)» жобасын ұсынды. 100-ден астам қашықтан тыңдаушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерін қолдап, екі жоба да ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланып, Халықаралық білім беру жобалары жәрмеңкесі жеңімпаздарының Дипломдарымен марапатталды.


Жәрмеңкенің мақсаты инновациялық мәдени-білім беру кеңістігін дамыту, шығармашылық бастаманы қолдау және халықаралық серіктестікті нығайту болды. Бұл халықаралық форумның сәтті аяқталуы алға қойылған мақсаттардың орындалғанын айғақтайды.