қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
30.11.2021

Мәңгілік ел жастары - тәуелсіздік кепілі

 

2021 жылдың 22-29 қарашаcы аралығында Тарих және құқық институтында «Мәңгілік ел жастары - тәуелсіздік кепілі» 76-Республикалық студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың ғылыми-теориялық конференциясы өтті.


Конференцияның мақсаты - студенттердің, магистранттардың ғылыми потенциалын көтеру және шығармашылық ойлауын қалыптастыру болып табылады.

 

Соңғы жылдары Тарих және құқық институты әлеуеті биік, жаңашыл идеялары бар еліміздегі жас ғалымдарды қолдап-қуаттау бағытында бірқатар игілікті істерді жүзеге асырып келеді. Осымен дәстүрлі түрде 76-шы рет ұйымдастырылған бұл жиын да сол үлгілі үрдістің жалғасы іспеттес.


Конференцияға университет 100-ден аса студенттер мен магистранттар қатысты. Институт бойынша 8 секция жұмыс істеді. Конференция қорытындысында әр секциядан I, II, III жүлделі орындары анықталды.