қазақша · русский · english
   
  Main  News
22.11.2021

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи педагог құзыреттілігі» институтаралық интеллектуалдық сайысы


2021 жылдың 19 қарашасы күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және студенттік «Бірлік» Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи педагог құзыреттілігі» тақырыбындағы институтаралық интеллектуалдық сайыс өткізілді.


Бұл шараға университеттің 6 институтының студенттері қатысып, 4 кезеңнен тұратын сайыс сынағынан өтті. Бірінші кезеңнің шарты бойынша «Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі» тақырыбы көлемінде университетіміздің ректоры Дархан Біләлов және профессорлар құрамынан Б.Әбдіғазиұлы, институттың директорларынан Т.Қожағұлов, А.Таңжарықова, оқу ісі жөніндегі директор орынбасарларынан Ш.Хамраев, А. Ақжолова, кафедра меңгерушілерінен Ж.Симтиков, Н.Ильясова, институттардың білім саласы қызметкерлерінен Қ.Жұмағұлова сонымен қатар, Тәрбие департаменті директорының орынбасары Д.Ділдабектер бейнежазба арқылы өз сұрақтарын жолдап, студенттерді алғашқы байқаудан өткізді.


Жарыс барысында Тәрбие департаментінің директоры Қ.Бекпенбетова және Педагогика -психология институтының 1-курс студенті Татьяна Марченко қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.


Білім сайысына қатысушылар екінші кезеңде - Педагогикалық шеберлікті шыңдау мақсатындағы экранда көрсетілген суреттердің мағынасын бір сөзбен ашу; үшінші кезеңдегі - Студенттердің жалпы танымдық көкжиегін анықтау үшін қойылған әртүрлі сұрақтарға да ұтымды әрі нақты жауап беріп көпшіліктің көңілінен шықты.


Сайыстың ең маңызды әрі мазмұнды бөлгі - төртінші кезең болды. Мұнда әр топ «Заманауи педагог» моделін ұсыну мақсатында өздерінің жобаларын қорғады. Әсіресе, құзыретті педагогке қойылатын негізгі талаптардың ішінен заманауи талаптарға сай әдіс-тәсілдермен қатар цифрлық педагогтің қызметтерін айқындап берген топтарға көремендер ерекше ризашылық білдірді.
Қазылар алқасының мүшелері- Тәрбие департаментінің директоры Қ.Бекпенбетова, Оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы Т.Өмірбекова, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Г.Шаһарман интеллектуалдық сайыстың қорытындысымен таныстырып, жүлделі орындармен марапаттады.


І орын - Ауыспалы кубок және 20.000тг.
Жаратылыстану және география иститутының «Озған елдің жастары» тобы;
ІІ орын - 15.000 тг.
Филология және көптілді білім беру институтының « Шамшырақ» тобы;
ІІІ орын - 10.000тг.


Өнер, мәдениет және спорт институтының «Smart педагог» тобы. Қалған үш топ белсене қатысқандары үшін алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.


Нәтижесінде студенттер қауымы сайыс кубогы ауыспалы болғандықтан жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу туралы ұсыныстарын білдірді.


Ең бастысы, студенттер қай ұлттың өкілінен болса да болашақта Ыбырай Алтынсариннің ізімен еліміздің педагогика саласына қосар үлестерінің зор екенін түсінді.