қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.11.2021

«ҚР үздік кафедрасы - 2021» конкурсы


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының үздік кафедрасы - 2021» университетаралық конкурсы өтті. Конкурсты ұйымдастырған - «Qazaqstan Education» білім беру мекемелері басшыларының қауымдастығы.


Конкурстың мақсаты - жоғары оқу орындарында білім беру үрдісінің сапасын арттыру, ҚР ЖОО кафедралары арасында оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудың озық тәжірибесін анықтау және тарату.

 

Конкурстың міндеттері:
- кафедралардың білім беру қызметін жандандыру;
- оқу үрдісіне оқытудың инновациялық әдістерін әзірлеу (іздеу) және енгізу;
- профессор-оқытушылар құрамының шығармашылық әлеуетін дамыту;
- білім беру процесінде оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.


Байқаудың нәтижесі бойынша «Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша I дәрежелі дипломмен Жаратылыстану және география институтының «Химия» БББ тобы марапатталды. «Химия» БББ тобының жетекшісі Жазира Мұқатаева конкурсқа белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.