қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
09.11.2021

Педагог кадрларды даярлау мәселесін талқылады

 


 

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі-Жобаларды басқару топтарының арнайы педагогика бойынша кадрларын даярлау мәселелеріне арналған мәжілісі өтті.


Мәжіліске Қазақстанның жоғары оқу орындары, Ақыл-есінің немесе бой-бітімінің жетілуінде кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалту орталығы, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, жұмыс берушілер Ассоциациясы өкілдері онлайн режимде қатысты.

 

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасындағы арнайы педагогтарды даярлаудың алдында тұрған сын-қатерлер, білім беру бағдарламалары, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, сонымен қатар аутизм және ментальды ауытқушылығы бар балаларды қолдау жөніндегі жобалық топтың жұмысы туралы өзекті мәселелер қарастырылды.

 

Мәжілісті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы - Ректор, РОӘК ОӘБ-ЖБТ төрағасы Дархан Біләлов ашты.

 

Модератор ретінде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова сөз сөйледі.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева, Ақыл-есінің немесе бой-бітімінің жетілуінде кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалту орталығының бас директоры (ӘБЕО) Роза Сүлейменова, ҚазҰҚызПУ Педагогика және психология институтының директоры Гүлжан Оразаева, Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы ҚР ЖОО инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры Зульфия Мовкебаева, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Кудеринова, аутизм және басқа да ментальды ауытқушылығы бар балаларды қолдау жүйесін құру бойынша жобалық топтың үйлестірушісі Әсел Жүнісова баяндамалар жасады.

 

Баяндамаларды тыңдап, арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлаудың өзекті мәселелерін талқылай отырып, отырысқа қатысушылар пікір алмасты. Нәтижесінде, арнайы педагогтарды даярлауды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді және жоғары оқу орындары үшін ұсынымдар әзірленді.

 

09.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz