қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.11.2021

Мектеппен байланыс орнату мақсатында «Оқуға құштар​ ұстаздардың жасампаз құндылығы» тақырыбында іс-шара өткізілді

 

2021 жылдың 3 қарашасында​ Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының Алматы облысы, Іле ауданы, Білім бөлімімен 2020-2021 жылдарға​ жасасқан меморандум негізінде орта​ мектеппен байланыс орнату мақсатында жоспар бойынша кезекті жұмыстары жүргізілуде.

 

«Әлем тарихы» кафедрасының оқытушылары​ Камшат​ Рүстем мен Руслан Сейтқазиев Байсерке ауылының №12 орта мектеп оқушылары мен ұстаздарына​ «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы негізінде семинар тренинг өткізді. «Оқуға құштар тұлға қалыптастыру» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен мамандық таңдаудың қыр сырларын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде аударылған 100 кітап бойынша пікір алмасып, талқылау өткізді. Ұстаздармен педагогика-психологиялық бағыттағы «Оқуға құштар​ ұстаздардың жасампаз құндылығы» тақырыбында жұмыс жүргізілді.

 

Семинар жұмысы оқушылар мен ұстаздар​ ғылыми ізденіс танымын кеңейтіп,​ өзара байланыстарын алдағы уақыттарда жандандыра түсетіні жайлы айтылды. Семинар өз дәрежесінде өтті. Алдағы уақытта Іле ауданы Білім бөлімімен жоспарлы жұмыс өз жалғасын таба береді.