қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
01.11.2021

Экономикалық тергеу департаменті өкілдері студенттермен кездесті

 



2021 жылдың 29 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасы мен Сарбонна-Қазақстан институтының ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдерімен бітіруші курс студенттері арасында кездесу өткізілді.

 

Кездесуді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев ашып, арнайы шақырылған қонақтармен таныстырды.

 

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Қайрат Алибаев, Тергеу бөлімінің бастығы Абай Нигматуллин, кадр бөлімінің басшысы Серикжан Бурибаев сөз алып, «Құқықтану» және «Экономика» мамандығының студенттерін, магистрант, докторанттарын Экономикалық тергеу департаментінің жұмысымен және оларға қойылатын талаптармен таныстырып, қызметтің қызығы мен қиындығы қатар жүретіндігін атап өтті.

 

Кездесуде Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Б.М.Көшпенбетов сөз алып, студенттердің құқық қорғау органдарында қызмет етуге деген белсенділігінің жоғары екенін айтты.

 

Кездесу нәтижесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті арасында білім мен ғылымды дамыту мен студенттердің тәжірибеден өту мүмкіндігін арттыру мақсатында Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

 

01.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz