Main
News
01.11.2021 Экономикалық тергеу департаментімен меморандум жасалды
2021 жылдың 29 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасы мен Сарбонна-Қазақстан институтының ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдерімен бітіруші курс студенттері арасында кездесу өткізілді.
Кездесуде Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Б.М.Көшпенбетов сөз алып, студенттердің құқық қорғау органдарында қызмет етуге деген белсенділігінің жоғары екенін айтты.
Кездесу нәтижесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті арасында білім мен ғылымды дамыту мен студенттердің тәжірибеден өту мүмкіндігін арттыру мақсатында Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
|