қазақша · русский · english
   
  Main  News
26.11.2016

 

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫҢ БАСҚОСУЫ


2016 жылдың 23 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылатын апталық аясында «Мәңгілік ел ұландары» тақырыбында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен ЖОО жастар ұйымдары жетекшілерінің G38 басқосуы өтті. Жаңадан құрылған G38 ұйымы құрамында қаламыздың 38 іргелі ЖОО-ның жас көшбасшылары тіркелген. Басқосу еркін форматта өтті.
Шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен даму жолдарын айқындау, жастар арасында Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттау және ҚР Тұңғыш Президент күніне құрмет көрсету.
Келелі басқосуды Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы ашып, Қазақстанның бүгінгі жастарының ел дамуындағы рөлі мен орын айқындап берді. Одан әрі жастарды шығармашылық ізденістер мен азаматтық белсенділікке шақырып, Алматы қаласындағы жетекшіжоғары оқу орнынан басқосуға жиналған белсенді жастарға университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, профессор Жанатбек Ішпекбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және ішкі-сыртқы саяси байланыс мәселелері бір кеңістікте, тұтастықта қарастырылып, жан-жақты талданған «Мәңгілік ел осылайша сомдалған» атты монографиялық еңбегін ұсынды.
Шара барысында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігі жолындағы еңбегі, азаматтық қырлары туралы тұжырымды ойлар айтылып, Ұлт Көшбасшысының көрегенді саясаты негізінде жүзеге асырылған реформалар мен бағдарламалар «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы туралы мазмұнды баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының іске асыруда жастардың рөлі туралы келелі ойлар мен пікірлер ортаға салынды. Бұл басқосу қала жастарының өзара тәжірибе алмасып, серкітестік қарым-қатынастарын нығайтуға үлкен дем берді.
Қорыта келе, Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастамасымен G38 ұйымының басқосуы алдағы уақытта жастардың ойын біріктіретін алаңға айналып, ел игілігіне жасайтын істеріне серпіліс береді.

 


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты
жөніндегі басқармасы