қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.10.2021

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

курстарындағы Абай атындағы ҚазҰПУ профессорларының дәрістері

 

2021 жылдың 28 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында ҚР БжҒМ РОӘО шақыруы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының профессоры Лора Нәрікбаева онлайн-оқыту режимінде «Эстрадалық вокалды оқыту өнері. Әдістеме және тәжірибе» тақырыбындағы музыкалық бағыты бойынша қосымша білім беру және педагог кадрларының біліктілігін арттыру жөніндегі республикалық курстары аясында келесі тақырыптарда дәрістерін өткізді:

- Шығармашылық іс-әрекет процесінде балалардың жеке басының жағымды қасиеттерін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық құралдары.
- Балаларға қосымша білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің психологиялық-педагогикалық аспектілері.
- Балалардың дарындылығының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
- Баланың психологиялық-педагогикалық диагностикасы, балалардың музыкалық дарындылығын диагностикалау.
- «Педагогтың психологиялық саулығы» тренингі.