қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.10.2021

Ғылыми-әдістемелік семинар

 

2021 жылғы 7 қазанда Жаратылыстану және география институтында «Химия» білім беру тобының ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

 

Семинардың күн тәртібінде:

1. «Химия» ББ тобының 2021/2022 оқу жылына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыстарының жоспарын дайындау және бекіту. Жауапты: Шоқыбаев Жеңіс;

2. Жаңартылған білім мазмұнына негізделген сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері. Жауапты: Мансуров Бакир;

3. Жоғарғы оқу орындарында дәріс оқу әдістемесі. Жауапты: Абдикаримов Малик;

4. 4 курс бакалавр және 1 курс магистранттары мен PhD докторанттардың ғылыми ізденіс жұмыстарының тақырыптарын бекіту. Жауапты: тех хатшылар Колумбетова Оңласын, Сулейменова Меруерт;

5. Баспаға жіберілетін оқулық, оқу құралдары және ғылыми мақалалардың материалдарын талқылау.

 

Семинарға «Химия» ББ тобының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Семинарда күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар бітіруші 4 курс бакалавр, 1 курс магистранттары мен 1 курс PhD докторанттардың ғылыми ізденіс жұмыстарының тақырыптары талқыланды.