қазақша · русский · english
   
  Main  News
30.07.2021

«Инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа арнайы педагогтарды даярлау» вебинары

 

2021 жылдың 30 шілдесінде ҚР жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру бойынша ресурстық консультативтік орталығында «Инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа арнайы педагогтарды даярлау» тақырыбында вебинар өтті.


Вебинар арнайы және инклюзивті білім берудің тиімді шетелдік және отандық тәжірибесін ғылыми әдістемелік қолдау және тарату мақсатында ұйымдастырылып, кафедра меңгерушілеріне, жоғары оқу орнының оқытушыларына, дефектологтарға және барлық мүдделі тұлғаларға арналды.


Вебинар аясында келесі мәселелер қарастырылды:
1. «Педагог» кәсіби стандарты аясында «Арнайы педагог» мамандығының карточкасы.
2. «Әлемде арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту» оқу құралының презентациясы.


Вебинардың спикері және модераторы - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Зульфия Мовкебаева.


Спикер - М. Қозыбаев атындағы СҚМУ аға оқытушысы Дюсенбаева Б. А.