қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.05.2021

«Өз елім менің - өзегім менің» жалпыуниверситеттік виртуалды викторинасы


2021 жылдың 30 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өз елім менің - өзегім менің» Бірінші жалпыуниверситеттік онлайн виртуалды викторинасы өткізілді. Шара Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент, педагогикалық цикл пәндер бөлімі және «VirtualLab» болашақ педагогтардың шығармашылық лабораториясының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.


Виртуалды викторинаның басты мақсаты - студенттердің ұлттық сана сезімдерін қалыптастыру, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.


Шараның ресми бөлімінде Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Дидарбек Ділдәбек, Университеттің педагогикалық цикл пәндер бөлімінің жетекшісі Қорлан Жампеисова, Педагогика және психология институты ғылым, мониторинг және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Бағдат Мажинов, «VirtualLab» Болашақ педагогтардың шығармашылық лабораториясының жетекшісі, профессор Айман Берікханова, доцент Жанар Ибраимова сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі шара өнерпаз студенттердің шағын концерттік бағдарламасына ұласты.


Білім сайысына қатысуға 120-ға жуық студенттен өтініш түсіп, 80-нен астам студент сайысқа қатысты. Сайыс барысында тарих, география, әдебиет және саясаттану бағытында 45 сұрақ қойылып, қатысушылардың арасынан жүзден жүйрігі «Kahoot» бағдарламасы негізінде анықталды.


Виртуалды викторина қортындысы бойынша 1 орынды Математика, физика және информатика институтының студенті Бекназар Нұржан жеңіп алып, 35000 теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. 2 орын иегері атанған Математика, физика және информатика институтының студенті Айжан Буранова 30000 теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. 3 орын иегері Тарих және құқық институтының студенті Қоғамбаева Назеркеге 25 000 теңге ақшалай сертификат табысталды.

 

Барлық жеңімпаздар университет ректорының арнайы дипломымен марапатталды. Ынталандыру сыйлықтарының иегерлері Жаратылыстану және география институтының студенті Бауыржан Тілеужан мен Филология және көптілді білім беру институтының студенті Съезхан Айсұлу 20 000 теңге ақшалай сертификатқа ие болды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар
және жастар саясаты жөніндегі департамент