қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
11.12.2018

Баспасөз ақпараты

 

2018 жылғы 12 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі  Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен «Педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбында Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің «Білім» мамандықтары тобы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі өтеді.

Мәжілістің күн тәртібі:
1. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді дамыту туралы.
2. 2019 жылы педагогикалық мамандықтарды бітірушілердің Ұлттық біліктілік тестілеуінің өтуі туралы.
3. «Білім» бағыты бойынша арнайы емтихан билеттерінің мазмұны мен өткізу рәсімін жетілдіру туралы және басқа да мәселелер.

Мәжілістің өтетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, Абай атындағы ҚазҰПУ оқу ғимаратының дөңгелек залы.


Басталатын уақыты: 2018ж. 12 желтоқсан, сағат 10:00

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім