Main /
Mass media about us
15.04.2021 Зерттеу нысандары - қалалар
2021 жылдың 14 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «Ғылым айы - 2021» жоспары аясында саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының пост-докторанты Талғат Қилыбаев «Урбандалу: қала зерттеу объектісі ретінде» вебинарын өткізді.
Вебинар барысында қазіргі таңда әлемдегі урбандалу үрдісіне шолу жасалып, еліміздегі ахуал туралы айтылды. Урбандалу процесі мен урбанистика ғылымының даму бағыттары, кедергілері және оларды шешу жолдары туралы пікір-таластар болды.
Ғылыми вебинар соңында институттың профессор-оқытушылар құрамы мен магистрелері, студенттері пікір алмасып, сұрақ қойып белсене атсалысты.
|