қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.04.2021

«Білімге және ғылымға пандемияның әсері» дөңгелек үстелі

 

2021 жылы 12 сәуірде Ғылым айы аясында «Zoom» платформасында «Білімге және ғылымға пандемияның әсері» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстел Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының PhD докторанттары «Ғылым-2021» онкүндігі іс-шаралары аясында ұйымдастырды. Тыңдаушылар назарына кафедраның докторанттары Индира Дуйсенова мен Жанна Рамаданованың дөңгелек үстел тақырыбындағы баяндама-презентацияалары ұсынылды.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының мұғалімдері, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

 

«8D03103-Әлеуметтану» мамандығының 2-курс докторанты Индира Дуйсенова қазақ тілінде жасалған өз баяндамасында «Білім және ғылымның дамуына пандемияның әсері» тақырыбындағы презентациясын қорғады. Баяндамада Орта Азия мен Европа мемлекеттері локдаун кезінде неден ұтылғандығын, білім саласындағы студенттермен оқушылардың цифрлық жүйеге көшуіндегі қиындықтарын, пандемияның білім экономикасының құлдырауына айтарлықтай зиянын тигізенін тілге тиек етті. Білім және ғылымның дамуы үшін болашақта шешуші құралдары ретінде нені пайдалану қажет екендігіне тоқтала кетті.

 

«8D02201 - Философия» мамандығының 2-курс докторанты Жанна Рамаданова негізінен орыс тілінде жасалған «Как пандемия повлияла на науку и развитие IT технологий» тақырыбындағы баяндама-презентациясында Сovid-19 пандемиясының тек білім мен ғылым саласына ғана әсерін тигізіп қоймай, адам өмірінің барлық бағыттары мен салаларына әсері болғанын атай келе, негізінен пандемияның IT технологиялардың, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына ерекше серпін бергеніне тоқталды.

 

«Пандемияның не бәрі екі айында (ақпан, наурыз 2020) біз екі жылдық жаһандық цифрлық трансформациядан өттік», - деді Мicrosoft компаниясының бас атқарушы директоры Сатья Наделла 2020 жылдың мамыр айының басында инфесторлар мен сарапшыларғаарналған бейне конференция кезінде (https://www.tadviser.ru/index.php). Сондай-ақ, баяндамашы сарапшылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың келешекте даму мүмкіндіктеріне болжамдарын талқылады.