Main
News
09.04.2021 Психологиялық білім негіздері: «Рухани жағыру» орталығының семинарлары өз мәресіне жетті
2021 жылдың 30 наурызы мен 8 сәуірі аралығында өткен Психологиялық көмек көрсету орталығының директоры Жәмила Намазбаеваның Абай атындағы ҚазҰПУ-дың барлық институт оқытушыларының құрамына арналған семинар курстары аяқталды.
Семинар курстардың мақсаты - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының идеяларын ғылыми-академиялық негіздемесі аясында түсіндіріп, насихаттау барысында жүзеге асыру болатын. Өйткені ұлттық болмыс сақталғанда ғана жаңғыру жүзеге асады. Ал ұлттық сананың кемелденуі ұлт ретіндегі жаңғырудың кепілі болатын ұлттық сана-сезімді оятып, тарихымызды қастерлей отырып, рухани-материалдық құндылықтар негізінде оны кемелдендірудің мемлекеттік саясаттың басты бағдары болмақ. Демек, оның қоғамдық санада қабылдаудың рухани жаңғырудың әр бағытында психологиялық-рухани астарын түсіндіру қажет.
«Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастырумен өткен семинардың он күндік нәтижесінде семинарға қатысушыларға осы тақырыптар аясында ауқымды ақпараттық түсіндірмеберіліп, тиісті дәрежеде оқытушылар құрамында түсінік қалыптасуына ықпал етті.
Сондай-ақ, институт оқытушыларына арналған «Рухани жаңғырудағы психологиялық білім негіздері» тақырыбында өткен онлайн-семинар курстарына барлық институттар қатысып, жоғары белсенділік танытты. Семинарлар институт кестесіне сәйкес ZOOM платформасында сағ. 15.30-17.00 аралығында өтіп, 350-ге жуық оқытушылар мен профессорлар қатысты. Сонымен қатар, қатысушыларға сертификаттар берілді.
«Рухани жаңғыру» орталығы
|