Main
News
09.04.2021 Бос орындар жәрмеңкесі - 2021
Осы кездесулердің түйіні ретінде 2021 жылдың 9 сәуірінде «Бос орындар жәрмеңкесі - 2021» өткізілді. Жәрмеңкені академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев ашты. Жәрмеңкеге академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, «Мансап» орталығының басшысы Гулира Үсейн, Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты Жетібай Рақымберді, Алматы қаласы білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдары, Алматы облысы білім басқарамсына қарасты аудандық білім бөлімі басшылары, мектеп директорлары, Жамбыл облысы білім басқармасы өкілдері, Ақмола облысы білім басқармасы өкілдері, BINOM SCHOOL мектептер желісі, «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері, Атырау облысы білім басқарамсының аудандық білім бөлімі басшылары қатысты. Кездесу барысында әр облыс өзіне қажетті мамандарға сұраныстар туралы ақпарат берді. Университеттің «BAGDAR» платформасы таныстырылды. Түрлі сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Жәрмеңке барысында «BAGDAR» платформасына енгізілген еліміздің 10 аймағының 357 мекемесінен келген 945 бос жұмыс орыны университет түлектеріне ұсынылды. Бұдан өзге жұмыс берушілер тарапынан университет түлектеріне 2000-ға жуық бос орындарға шақыртулар болды. Жәрмеңке соңында жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған бос орындарға студенттер баратынын мәлімдеді. Қосымша ақпарат ретінде әртүрлі үстем ақылар, және биылғы жылғы жұмысқа қабылдаудағы өзгерістер сөз болды. Жұмыс берушілер университет тарапынан жүргізіліп жатқан «Педагогтік қайта даярлау» курсына қызығушылық танытып, осы жоба барысында бірге жұмыс істейтіндерін жеткізді.
|