қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.03.2021


Қымбатты ханымдар!

Құрметті Абай университетінің оқытушылары, қызметкерлері және студенттері!

 

Нәзік жанды-педагог қауымын - оқытушыларды, мұғалімдерді және тәрбиешілерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біз сіздердің кәсібиліктеріңізді және қазақстандықтардың жаңа ұрпағын дамыту мен тәрбиелеуге қосқан үлестеріңізді әрқашан жоғары бағалаймыз.

 

Біздің университетте ақылды, талантты, ынталы, мақсатты әйелдер мен қыздар жұмыс істейді және оқиды. Олар ғылыми зерттеулермен айналысады, білімдерін жетілдіреді, кәсіби жетістіктерге жетеді.

 

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында керемет жаңалықты атап өтпеу мүмкін емес. ТМД бойынша оқу орнымыз «Білім беру» пәнінен үздік төрттікте, «Ағылшын тілі мен әдебиеті» пәнінен үздік үштіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ - QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде ұсынылған ТМД-дағы жалғыз педагогикалық жоғары оқу орны. Бұл жетістікте біздің нәзік жандылар мен қыздардың үлесі бар. Осындай әлеуеті бар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың болашағы зор екеніне сенімдімін.

 

Университетіміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін, ғылым, қаржы және кадр жұмысы, халықаралық және қоғаммен байланыс, педагогикалық қызмет, оқу, тәрбие, шығармашылық, спорттағы жетістіктеріңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді.

 

Жеке өзімнің және Абай университетінің ерлер қауымының атынан сіздерді, университетіміздің нәзік жандыларын, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Көктемнің, махаббат пен сұлулықтың мерекесінде сіздерге амандық, отбасылық жайлылық, шығармашылық табыс, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

 

 

Құрметпен,

ректор Такир Балықбаев