қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.03.2021

Мектеп оқушыларының шығармашылық қызметін ұйымдастыру бойынша республикалық семинар

 

2021 жылы 26 ақпанда Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өтті.

 

Мақсаты - оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, жаңа технологиялармен жұмыс жасау мәселелерін қарастыру.


Іс-шараға Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Кеген, Қарасай, Қаратал, Райымбек, Сарқан, Талғар аудандарының, Жамбыл облысының Жуалы ауданының, Ақтөбе облысының Байғанин ауданының, Өскемен облысының Катоқарағай ауданының, Павлодар облысы Ақсу қаласының орта мектеп мұғалімдері және университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты. Модератор - аға оқытушы Альбина Бейкитова.

 

Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова кіріспе сөз сөйледі.

 

Спикерлер мен баяндама тақырыптары:

1. «Жер қабықтарының тіршілік үшін маңызы», аға оқытушы Андрей Абулғазиев;
2. «Географиядан практикаға- бағдарланған тапсырма үлгілері», п.ғ.к., доцент Шолпан Карбаева;
3. «Қышқыл-негіздік титрлеу қисығын есептеп тұрғызу», х.ғ.к., аға оқытушы Тұрар Ақылбекова
4. «Оқушыларды олимпиадаға дайындауда «Генетика» пәнінен есептер шығарудың жолдары», аға оқытушы Раушан Джунусова;
5. «Химиядан пластинка есептерін шығару тәсілдері», магистрант Дамир Казбеков.


Вебинар барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты ұйымдастыру жайлы ой-пікірлер айтылып, өзекті сұрақтар талқыланды, өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті.