қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
11.02.2021

Кәсіптік бағдарлау-болашақ мамандыққа маңызды қадам


2021 жылдың 10 ақпанында Жаратылыстану және география институтының Маркетинг бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын іске асыру мақсатында «Мамандықты дұрыс таңдау табысты өмірдің кілті» республикалық онлайн-форум өткізілді.


Ұйымдастырушылар - көлденең циклді басқару құрылымының маркетинг бөлімінің жауапты тұлғалары Ерлан Бірталаев, Альбина Бейкитова, Айжан Сагимбаева, Жанар Жақсибаева, Нұрсұлтан Бақанов.

 

Қатысушылар - Түркістан қаласы және жақын аудандарының орта мектептері, гимназия, лицей мектептерінің мұғалімдері және бітіруші түлектері. Республикалық форум ZOOM платформасында өтті, 300-ге жуық оқушылар қатысты.

 

Спикерлер Абай университетінің рейтингісі туралы мағлұмат беріп, барлық мамандықтар туралы керекті ақпараттар берді. Кездесу соңында оқушыларға мамандық таңдауда сүрінбей, өз қалауларымен биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.