Main
News
10.02.2021 Эмоционалды интеллект теориясы
2021 жылы 8 ақпанында университет бойынша педагогикалық цикл пәндері бөлімі (педагогика кафедрасы) «Оқушыларға әлеуметтік-эмоционалды оқыту үрдісіне болашақ мұғалімдерді даярлау ерекшеліктері: теориялық аспект» тақырыбында университеттік ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өткізді.
Спикер Зухра Бырдина танымал зерттеуші ғалымдардың эмоция теорияларына кеңінен шолу жасап, қатысушыларды эмоционалды интеллект үлгілерімен таныстырды. Талқылау барысында эмоционалды интеллекттің келесі компоненттеріне басымдылық берілді: эмоцияны түсіну және сезіну, эмоцияларды басқару қабілеті, басқа адамдардың эмоцияларын ажырату, адамдарды басқару және қатынас орнату.
Семинарға педагогикалық цикл пәндері бөлімінің, математика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және университеттің 3-4 курс студент-практиканттары қатысты.
|