қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.02.2021

«Педагогикалық зерттеу әдіснамасы» біліктілікті арттыру курсы


2021 жылғы 1-5 ақпан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті арттыру және қашықтан білім беру орталығы университеттің 1-ші курс докторанттарының ғылыми-зерттеу қызметінде әдіснамалық білім мен дағдыларды игеруге дайындығын қалыптастыру мақсатында «Педагогикалық зерттеу әдіснамасы» тақырыбында онлайн режимінде біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курсқа математика, физика және информатика, педагогика және психология, филология және көптілді білім беру институттарының докторанттары қатысты.

 

Профессор Б.А. Тургунбаева курсқа қатысушыларды докторанттардың ғылыми танымның әдіснамасымен, педагогикалық зерттеулерді жүргізудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдарының қызметін айқындауды, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды талдауды және өңдеуді зерттеудің логикалық аппаратын құру мен ғылыми жаңалықтардың деңгейін анықтау, практикалық қызметке ендіру тетіктерін таныстырды. Олар тәжірибелік сағаттарда ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық құралдарын құрастыруды жеке және топтарда талдады. Әр тақырыпты талдаудан соң жүргізілетін рефлексияда өзіндік ой тұжырымдар жасап, шешім қабылдауды меңгерді. Кері байланыс жұмыстарында докторанттар алған білімдері мен тәжірибелерін өз зерттеу әрекеттерінде қолдану мақсатында тапсырмалар орындады.

 

Курс соңында орталық директоры А.А.Семченконың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде тыңдаушылар курстың тиімділігі мен тақырыптардың өзектілігі, мазмұндылығы туралы ерекше атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта Орталық ұйымдастыратын курстардың тақырыптары айтылды.