қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
25.01.2021

Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар талқыланды

 

2021 жылы 21 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар» халықаралық конференция онлайн форматта өтті.


Конференцияға шетелдік және қазақстандық инклюзия бағытындағы арнайы педагог-мамандар, психологтар, кітапхана мамандары, бейімделген технологияларды құрастырушы компаниялардың өкілдері, баспа мамандары мен ақпараттық ресурстар өнімдерінің құрастырушылары қатысты.


Іс-шара барысында инклюзия бағытындағы озық тәжірибелермен алмасу, кітапхана кеңістігінде инклюзивті орта құру, бейімделген арнайы технологиялық құрылғылар мен ақпараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері қарастырылып, талқыланды.