қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.01.2021

«Талапкер-2021» ашық есік күні


2021 жылдың 20 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы «Талапкер-2021» ашық есік күнін өткізді. Ашық есік күніне Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледж түлектері және еліміздің әр аймақтарынан мектеп оқушылары қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ және оның білім беру бағдарламаларын кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, оқуға түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

 

Бұл күні видео және презентациялар арқылы Педагогика және психология институтының білім беру бағдарламалары ұсынылды, барлық қатысушылар институт басшылары және профессор-оқытушылармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

 

Колледж түлектері мен мектеп бітірушілері университет және институт білім беру бағдарламалары, жатақхана, мемлекеттік гранттар және жеңілдіктер туралы сұрақтарын қойды. Институт оқытушылары мен қызметкерлері талапкерлердің қызығушылық танытқан барлық сауалдарына жауап берді, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтындағы білім алудың артықшылықтары туралы әңгімеледі.

 

Ашық есік күні жоспарлаған бағытпен сәтті өтті. Талапкерлерге байланыс ақпараттары толық берілді. Іс-шаралар соныңда қатысушылар ұйымдастырушыларға өздерінің алғыстарын білдірді. Ашық есік күнін ұйымдастыруға көмектескен Жаркент жоғары гуманитарлы техникалық колледж директорының оқу өндірстік істері жөніндегі орынбасары Жамиля Рахметжановаға ерекше алғысымыз білдіреміз.

 

Ашық есік күнін ұйымдастыруына атсалысқандар: Педагогика және психология институтының маркетинг бөлімінің жетекшісі Жанкушков Б.О.; оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Ақжолова А.Т.; қоғаммен байланыс және әлеуметтік істер жөніндегі бөлім жетекшісі Ыдырысов Д.Т.; білім беру бағдарламарының кәсіптік бағдар беру жұмысына жауаптылар: Байдосова Д.Қ., Ағыбай Қ.Е., Ордагулова Д.И., Аувакир Болат; «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті және студенттік өзін-өзі басқару ұйымының өкілі Иса Үкілімай.