Main
News
18.01.2021 Тарих және құқық институтының студенттеріне көктемгі семестрдегі оқу үдерісінің барысы түсіндірілді
2021 жылдың 17 қаңтарында Тарих және құқық институтының студенттерімен көктемгі семестрдің аралас форматтағы ұйымдастырылуы туралы ақпарат пен түсіндірме жұмыстары онлайн-форматта жүргізілді. Бірінші кездесу бірінші легте оқуын аралас форматта бастайтын «Құқықтану, дінтану және әлеуметтану» мамандықтарының студенттері мен эдвайзерлерімен өтті. Кейін екінші легте оқитын «Тарих, мәдениеттану және философия» мамандықтарының студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттерге сабақ академиялық күнтізбе бойынша сабақтар онлайн-форматта 18 қаңтарда басталатыны ескертілді. «Құқықтану, дінтану және әлеуметтану» мамандықтары бекітілген кесте бойынша аралас форматта сабақтарын 1 ақпаннан бастап 13 наурызға дейін болатыны айтылды. Екінші легтегі «Тарих, мәдениеттану және философия» мамандықтарының студенттеріне аралас форматтағы сабақтар 19 наурыздан бастап 10 сәуірге дейін өтетіні туралы ақпараттар берілді. Аралас форматта сабақтардың барлығы қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып болатыны туралы ескертілді.
|