қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.01.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қысқы мектеп-2021 аяқталды: білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

 

2021 жылы 15 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қашықтан оқыту форматындағы педагогикалық білім» Қысқы мектебі өз жұмысын аяқтады. Іс-шараға институт директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты.

 

Бірінші сессияда Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова «Жаратылыстану және география институтында көлденең циклдік басқару құрылымының идеяларын жүзеге асыру» тақырыбында семинар өтті. Бұл жоба КЦҰҚӘ және көшбасшылыққа бейімдеуді енгізу бойынша тренер - Озат Байсеркеев басшылығымен жүргізілуде.

 

Семинарға қатысушылары иерархиялық менеджмент дағдарысын еңсеру мақсатында ЖОО ішкі және сыртқы ортада коммуникацияның жаңа деңгейіне өту үшін КЦБҚ технологиясына қызығушылық танытты, Ұлттық университет жағдайында «Green University» және «Green Scool» модельдерін енгізу алгоритмін талқылады.

 

Екінші сессияда ЮНЕСКО-ның білім беру және мұғалімдерді дайындау кафедрасының меңгерушісі Анар Танабаева «Қашықтан білім беруді жүзеге асырудағы ЮНЕСКО-ның халықаралық тәсілдері» тақырыбындағы семинарда қашықтан білім беруде жаңа халықаралық тәсілдерді енгізудің перспективаларын,семинардың өзектілігін және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті .

 

Қысқы мектеп аясында Біліктілікті жетілдіру және қашықтан білім беру орталығы директорының орынбасары Данияр Бидайбековтің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 11-15 қаңтар аралығында «Білім берудегі цифрлық құралдар» тақырыбында (40 сағ.) біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

 

Курс тыңдаушылары оқу мен оқытуда ақпарат берудің сапасын, жылдамдығын және тартымдылығын дамыту үшін әзірленген өзекті цифрлық технологиялармен танысып; қашықтан оқыту жағдайында оқу нәтижелері мен прогресін қадағалау, студенттердің қызығушылығы мен қатысуын арттыруға арналған ресурстарды меңгерді.