Main
News
12.01.2021 Қысқы мектепте бір күнде төрт сессия өткізілді
2021 жылы 12 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қашықтан оқыту форматындағы педагогикалық білім» Қысқы мектебі аясында төрт сессия өтті.
Бірінші сессияда Даму стратегиясы және сапаны талдау департаментінің директоры Темірхан Тасболатов «Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі» тақырыбында семинар өткізді, онда университет мониторингінің нәтижелері атап көрсетілді, жұмыс сапасын арттыру мақсатында өзара әрекеттесуді жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың институт директорлары, директордың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Тыңдаушылар білім сапасын басқару философиясымен, университеттің стратегиясымен, құрылымдық бөлімшелердің функцияларымен, олардың өзара байланыстарымен танысты, ұсынылған материалдардың өзектілігін атап өтті.
Екінші сессия «Прокторинг мұғалімдерді даярлау сапасын қамтамасыз ету шарты» тақырыбына арналды. Сессияны Тестілеу орталығының бастығы Даража Исабаева жүргізді, ол прокторингке байланысты мәселелерге талдау жасады. Институт директорлары, директордың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар проблемаларға қатысты өз көзқарастарын талқылауға, оларды шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік алды.
Үшінші сессия «Коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесіне көшуге байланысты университет жұмысының ерекшеліктері» тақырыбына арналды. Заң бөлімінің бастығы Алімжан Оразғали жаңа мәртебеде университет қызметкерлерінің өзара әрекеттесу ерекшеліктерін түсіндірді. Семинарға қатысушылар сұрақтарына жауап алды.
Университеттің маркетинг бөлімінің корпоративтік даму жөніндегі менеджері Гайша Мусина «Абай атындағы ҚазҰПУ» КАҚ брендингі» тақырыбында семинардың төртінші сессиясын өткізді.
Сессияға институт директорларының тәрбие және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, департамент директорлары: тәрбие және әлеуметтік жұмыс, халықаралық ынтымақтастық, даму стратегиясы мен сапаны талдау, ғылыми кітапхана, «Ұлағат» баспасы қатысты. Тыңдаушылар берілген ақпараттың өзектілігін атап өтті, қойылған тақырып аясында сұрақтарға жауап ала алды.
|