қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.12.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары Янка Купала атындағы Гродный мемлекеттік университетінде болды

 

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Янка Купала атындағы Гродный мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы) арасында, академиялық ұтқырлықпен «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында 2020 жыл 05-12 желтоқсан аралығында Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасының меңгерушісі Е.А. Бурибаев және з.ғ.д., профессор-зерттеуші Ж.А. Хамзина Янка Купала атындағы Гродный мемлекеттік университетінде болды. Абай атындағы ҚазҰПУ профессорларының сапары аясында заң факультетінің студенттеріне арналған дәрістер курсын және университеттің оқытушылары мен аспиранттарына Scopus, Web of Science базаларында индекстелетін халықаралық басылымдарда ғылыми жарияланымдарды дайындауға арналған ғылыми семинар өткізді. Сондай-ақ, ғалымдар бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми ынтымақтастықтың келешегін талқылау үшін оқу жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ю.Э. Белыймен кездесу өткізді. Университет профессорлары жарияланған ғылыми еңбектерін, яғни 20 шақты оқулықтарын Янка Купала атындағы Гродный мемлекеттік университетінің кітапханасына табыстады.

 

   

 

   

 

   

 

Құқықтану кафедрасы