Main
News
02.12.2020 ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған студенттер көрмесінің ашылуы
Дегенмен, аталған пленэрдің маңыздылығы - көркем өнердің кәсіптік жолындағы дәріс алушылардың шығармашылық өнеріне машықтануын қолдау, кәсіби шыңдалуға жағдай жасау, студенттердің ынтасын арттыру өз маңыздылығын жойған жоқ. Себебі, пленэрде аталған институттың 2-5 курс студенттері мен магистранттардың анықталған үздік жұмыстары багетпен безендіріліп, университет қорына табысталды. Ал ең үздік бес жұмыс университет ректорының арнайы сыйлығына ие болды.
Жобаның осылайша сәтті қорытындысына қатысқан университет ректоры көрмедегі көркемсурет туындыларының авторлары білімгерлердің практикалық сапалы жұмыстары алдағы уақытта, айтулы коммерциялық көрмелерге, әлеуметтік жобалар мен құрметті қонақтарға, университет жатақханалары мен корпустарына таратылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, алдағы дәстүрлі оқыту жүйесіне келген білімгерлердің арасында 2021 жылғы үздік пленэрлерді Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен еліміздің тәуелсіздігіне отыз жылдықтарды атап өтуге, абыз ақынның туған өлкесіне, шығармашылығын көркемдеп сомдауға арналатын жаңа жоспарларымен бөлісті.
Ректор студенттік жобаның ойдағыдай өтуіне атсалысқан университетіміздің Студенттік ректоратына, «Смартстудент» жастар бастамаларын қолдау орталығына, Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушы-ұстаздар қауымы мен студенттеріне үлкен алғысын білдіріп, Тұңғыш Президент күнімен барша білімгерлер мен ұстаздар қауымын құттықтап тілектестігін жеткізді.
Студенттік ректорат |