Main
News
30.10.2020 Проректор А.Құлсариева шетелдік студенттермен кездесті
Халықаралық ынтымақтастық департаменті ZOOM платформасында стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Кулсариеваның шетелдік студенттермен онлайн-кездесуін ұйымдастырды.
Бүгінгі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ-да әлемнің 17 елінен 333 шетелдік азамат білім алуда. Онлайн-кездесу форматына СOVID-19 байланысты әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстанға келе алмаған шетелдік студенттер ерекше қызығушылық танытты. Кездесу барысында білім беру процесінде қашықтықтан оқыту мәселелері, емтихандардың, оқу жеңілдіктерінің, диссертациялардың мерзімдері мен шарттары бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Белсенді пікірталас шетелдік талапкерлерді қызықтыратын негізгі мәселелер Қазақстан Республикасына кіруге, шекараны ашу мерзіміне байланысты екенін көрсетті. Оқу үрдісімен тікелей байланысты мәселелерден басқа, жаңадан келіп түскен шетелдік азаматтар көші-қон есебі және тұрғылықты жері бойынша тіркеу, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-да ғана емес, Қазақстан Республикасында да Мінез-құлық және болу ережелері бойынша жан-жақты ақпарат алды.
|