қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.09.2020

Республикалық тамыз кеңесі аясындағы вебинарлар

 

Абай атындағы ҚазҰПУ базасында 2020 жылдың 22-26 тамыз аралығында «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы жеті ғылыми-әдістемелік онлайн-вебинар сәтті өтті. Республикалық тамыз кеңесі шеңберінде онлайн режимде өткізілген іс - шаралар РОӘК ОӘБ ұйымдастыруымен өткізілді.


Вебинарлар кадрлар даярлау бағыттары бойынша жобалау офисінің (ЖБТ) жұмысы шеңберінде ұйымдастырылды:
22.08.2020 ж.-«Педагогика және психология» тақырыбы: «Қашықтан оқыту жағдайында психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытудың вариативті тәсілдері»;
24.08.2020 ж.-«Арнайы педагогика» тақырыбы: «Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлау кезінде онлайн платформаларды пайдалану мәселелері»;
24.08.2020 ж. - «Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер/педагогтар даярлау (химия, биология, география)» тақырыбы: «Қашықтан оқыту - жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқытудағы заманауи формат»;
25.08.2020 ж. - «Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау (математика, физика, информатика)» тақырыбы: «Қашықтан оқыту аясында физика-математикалық бағыттағы пәндердің оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар»;
25.08.2020 ж. - «Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер/педагогтар даярлау»,«Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау (Құқық және экономика негіздері)» тақырыбы: «2020-2021 оқу жылына оқыту процесін цифрландырудың өзекті мәселелері»;
26.08.2020 ж.- «Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау (көркем білім беру, графика және жобалау)» тақырыбы: «Көркем білім беруде қашықтықтан оқытудың әдістері мен тәсілдері»;
26.08.2020 ж. - «Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау (музыкалық білім беру)» тақырыбы: «Музыка педагогтарын даярлау бойынша қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру».


Вебинар модераторлары - даярлау бағыттары бойынша жоба командасының жетекшілері: Әйгерім Көшербаева, п.ғ.д., профессор, Зоя Рабилова PhD, ассоц. профессор м.а., Шолпан Карбаева, п.ғ.к., доцент, Дария Асымова PhD, аға оқытушы, Жанель Сайлибаева, з.ғ.к., аға оқытушы, Ақбота Аутаева, психол.ғ.к., ассоц. профессор, Лаура Нарикбаева, п.ғ.д., профессор,сонымен қатар, математика, информатика және физика секциясының мүшелері п.ғ.к., аға оқытушы Нуржамал Ошанова, PhD, аға оқытушы Диана Насирова.


Жобаларды басқару топтарының (ЖБТ) 5 бағыты бойынша жұмыс шеңберінде студенттерді қашықтықтан оқытуға арналған 9 әдістемелік нұсқаулық дайындалды.

 

Педагогикалық жоғары оқу орындарында онлайн-оқытудың түрлі әдістері мен формаларын қолдану бойынша өткізілген вебинарларға Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарынан 400-ден аса өкілдер қатысты.


Педагогикалық кадрлар даярлаудың 5 бағыты бойынша өткен ғылыми-әдістемелік вебинарлардың нәтижесінде педагогикалық кадрларды даярлауда қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану сапасын жақсарту мақсатында ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдар әзірленді.