Main
News
28.08.2020 «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2010 жылдан бері бастау алған «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акция дәстүрлі түрде жалғасын тауып, әрбір мемлекеттік білім мекемелерінде түрлі форматтта өткізілуде.
Биылғы жылы бұл қайырымдылық акция 25-26 тамыз күндері аралығында ұйымдастырылды.
Акция Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясында бастау алып, Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп- гимназиясында жалғасын тапты.
Екі күнге созылған шараға "НұрОтан" партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олжас Шарипов, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, "Абай" бастауыш партия ұйымының төрағасы Такир Балықбаев бастаған партия ұйымының мүшелері қатысты.
Шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, Такир Оспанұлының қолдауымен №12 мамандандырылған гимназиясының әлеуметтік көмекке мұқтаж 20 оқушысына мектепке қажетті кеңсе құралдары мен азық-түлік қоржындары табысталды. Сонымен қатар, №99, №100, №168 мектеп-гимназиясының түрлі әлеуметтік санаттағы 20 мұғалімі мен қызметкеріне арнайы Алғыс хаттар мен азық-түлік қоржындары ұсынылды.
Шара соңында Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия директорының міндетін атқарушы Бекжанова Жанат және Қ. Қатықбаева атындағы 168 мектеп-гимназиясының директоры Тайкенов Манас мектеп ұжымы атынан шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
"НұрОтан" партиясы Медеу аудандық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
"Абай" бастауыш партия ұйымы
|