қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.08.2020

«КОНСТИТУЦИЯ - ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» 

ОНЛАЙН-ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

 

2020 жылдың 27 тамызы күні Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституция - қоғам мен мемлекет дамуының негізі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.


Аталған шараны университеттің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев ашып, Конституцияның басты аспектілеріне тоқталып өтіп, барлық қатысушыларды Ата заң мерекесімен құттықтады.

 

Іс-шараға Тарих және құқық институтының директоры, профессор Әділ Жүнісов, заң ғылымдарының докторы, профессор Бахытжан Толеубекова, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Жомарт Симтиков, Халықаралық құқық кафедрасының доценті Қадір Нұрғалым қатысып, мазмұнды баяндама жасады.

 

Дөңгелек үстел барысында егеменді елдің іргетасы - Ата заңның пәрменділігі төңірегінде ой толғаған қатысушылар, басты құжаттың адам мен азаматтың құқықтық жағдайын, басқарма нысанын реттейтін, мемлекеттік құрылымның іргетасын, адамның құқығы мен бостандығын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы екендігін айтты.

 

Жарыссөзде сөз алғандар тақырып төңірегінде ойларын ортаға салып, тұжырымды да танымды әңгіме қозғады.


Дөңгелек үстел Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент, Тарихы және құқық институтының бастамасымен ұйымдастырылды.

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі  департамент