Main
News
05.06.2020 «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысы қарқынды жүруде
2020 жылдың 1-маусым күні Алматы қаласының жастар саясатының дамыту қоры ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жазғы маусымда жұмыс істейтін «Жасыл ел» еңбек жасағы ресми түрде өз жұмысын бастаған болатын.
Салтанатты шара аясында, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған заманауи флешмоб түсіріліп, «Жасыл ел» сарбаздары өздернің алғашқы жұмыстарына жолдама алған болатын.
Қазіргі кезде университетіміздің «Жасыл ел» еңбек жасағы біріңғай формамен қамтамасыз етіліп, Алматы қаласы бойынша Алатау, Наурызбай аудандарында саябақтарды тазалау, көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда.
Жастар ісі жөніндегі комитет |