қазақша · русский · english
   
  Main  News
18.05.2020

Халықаралық онлайн-симпозиум

 

2020 жылдың 15 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының ұйымдастыруымен профессор Хайрулла Жанбековтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Арал-Сырдария бассейнінің қазіргі радиоэкологиялық жағдайы: трансшекаралық мәселелері мен перспективалық зерттеу бағыттары»  халықаралық онлайн-симпозиум өтті.

 

Халықаралық симпозиумға еліміздің және Жапония, Ресей, Беларусь және Тәжікстан мемлекеттерінің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен ғалымдары қатысты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сатмырзаев кіріспе сөз сөйлеп, мерейтой иесін құттықтады.

 

Симпозиум жұмысы аясында баяндама жасаған спикерлер тізімі:

1. «Химия ғылымдарының кандидаты, Жер туралы ғылымдарының докторы, профессор Жанбеков Х.Н. ғылыми және еңбек қызметі». Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова,(Қазақстан);
2. «Жапонияның мектептерінде және педагогикалық орталықтарында Арал теңізінің жағдайы туралы мәселелер». Цукуба университетінің білім беру институтының деканы Иошиясу Ида (Жапония);
3. «Қосымша экологиялық білім беру саласындағы мұғалімдерді даярлау мазмұнының ерекшеліктері». А.И. Герцин атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің биология және экологияны оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Наталья Андреева (Ресей);
4. «Таулы аймақтардың биологиялық әртүрлілігін сақтаудағы экологиялық білімнің рөлі». М.Назаршоев атындағы Хорог мемлекеттік университетінің биология факультетінің деканы Мамадризохонов Акбар (Тәжікстан);
5. «Қоршаған орта материалдарын химия сабақтарында пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру әдісі». Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің химия кафедрасының меңгерушісі Алла Козлова-Козыревская (Беларусь);
6. «Экологиялық мәселелер саласындағы зерттеулер: негізгі нәтижелерге шолу (Арал-Сырдария бассейні мысалында)». Химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мұқатаева (Қазақстан);
7. «Жапония мен Қазақстан профессорларының бірлескен экспедициялық зерттеу нәтижелері». Абай атындағы ҚазҰПУ  профессоры Хайрулла Жанбеков (Қазақстан).


Мерейтой иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдірген қатысушылар:

1. «Д.В.Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институтының». Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Абдуали Баешов.
2. Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессоры  Сергей Суматохин (Ресей).
3. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сапарғали Конуспаев.
4.. «Жану проблемалары институтының» бас директоры  Тілек Кетегенов.
5. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ, «Сорбент» ЖШС бас директорының орынбасары Қайрат Кадирбеков.
6. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры  Гүлжәмила Мейірова.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 


«Химия» кафедрасы