Main
News
14.04.2020 Қашықтан Халықаралық заң турнирімен короновирусқа қарсы тұрамыз!
Турнирге әлем университеттерінен 10 команда қатысуда, оның ішінде Ресей Федерациясы, Армения, Қазақстан, Қырғызстан бар.
Аталған турнирге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Құқықтану» мамандығының 1-ші курс студенттері: Асем Суюн, Нұртуған Орынша, Өтеген Дана, Серік Алуа, Өтегенова Ұлдана, Мутиголлаева Әсем, Амангельдинова Әсем қатысып, бақтарын сынауда. Алғашқы турдан бастап біздің студенттеріміз құқықтану бойынша ерекше дайындықтарымен, білімдерімен ұйымдастырушыларды таң қалдыруда.
Халықаралық турнир өз жұмысын одан әрі жалғастыруда, біздің студенттерімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Құқықтану кафедрасы |