қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.04.2020

Химия кафедрасының оқытушылары

қашықтықтан білім беруге көшті

 

ҚР Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстандық жоғары оқу орындары коронавирустық инфекция қауіпіне байланысты онлайн-білім беруге ауысты. Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушылары да қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар беретін мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту форматына көшті.

 

Студенттер тапсырмаларды «Универ» ақпараттық жүйесі арқылы орындауда. Бұл бағдарламалық кешен пәндердің курстары мен оқу-әдістемелік кешендерінің базасын қалыптастыру, студенттерге тапсырмалар беру, олардың орындалуын қадағалау, курсты меңгеру дәрежесін бағалау және басқа да мүмкіндіктер береді.

 

Химия кафедрасының профессор-оқытушылары қашықтықтан оқытуда тиімді заманауи құралы ZOOM және WhatsApp Web, Telegram Web бағдарламаларын қолдануда. Профессор-оқытушылардың студенттерге бір күндік онлайн-режимде өткізген сабақтарының үзінділері келтірілді.

 

   

 

   

 

      

 

 

    

 

«Химия» кафедрасы