![]()
30.03.2020 «Ізгілік елшісі» қозғалысының еріктілері мұқтаждарға көмектесуде
Алматыда «bizbirgemiz» республикалық акциясы аясында төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға көмек көрсету басталды. Бұл категорияға ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтары кіреді: қарт адамдар, мүмкіндіктері шектеуші және аз қамтылған, көп балалы отбасылар.
Қала әкімдігінің жедел штабы мен «Ізгілік елшісі» жалпыұлттық қозғалысының еріктілері мұқтаждардың үйлеріне азық-түлік себеттерін тасымалдады. «Ізгілік елшісі» еріктілер қозғалысының жетекшісі, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнур Сәбитова елдегі төтенше жағдай кезінде бір-бірімізге көмектесуіміз қажет екенін атап өтті. «Егде жастағы адамдарға қауіп төніп тұр. Бүкіл қала толығымен оқшаулану режимінде өмір сүріп жатқан кезде, олар - біздің көмегіміз бен қамқорлығымызға ең мұқтаж жандар. Мұндай жағдайда көмек көрсету керек», - деді ол.
Бұл қозғалыстың еріктілері мұқтаж адамдарға онлайн режимде заңгерлік көмек көрсетеді. Бұл жұмыстың алғашқы нәтижелері көрсеткендей, мұндай көмек азық-түлік пакеттеріндей өте маңызды.
|