қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.02.2020

Халықаралық «Археологиялық экспертиза» компаниясымен кездесу

 

2020 жылдың 31 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтында «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық «Археологиялық экспертиза» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

 

Кездесуге «Археологиялық экспертиза» компаниясының Ph.D Стивен Гилберт, ғылыми қызметкер Аскар Жаркенов келді. Институт директоры Болат Жұмағұлов институт қызметімен таныстырып, Тарих және құқық институтының «Археологиялық экспертиза» компаниясымен байланыс орнатуы өте маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар кездесу барысында компанияның «ИЛИ балк» жобасы талқылады.

 

Кездесу нәтижесінде Тарих және құқық институтының студенттері «Археологиялық экспертиза» компаниясының «ИЛИ балк» жобасына қатысу үшін келісімшарт жасалды.

 

   

 

   

 

Тарих және құқық институты