Main
News
24.01.2020 Мемлекеттік маңызы бар құжаттар жаппай талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы және Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңын профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар арасында кеңінен талқылау мақсатында университет ректорымен бекітілген кестеге сәйкес барлық институттарда ағымдағы жылдың 22-27 қаңтары күндері аралығында жиындар өткізілді. Жиынның спикерлері ретінде университеттің проректорлар корпусы және «Хәкім Абай» ҒЗИ директоры Жабал Шойынбет, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Борасын Иманбердиев, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Дидарбек Ділдәбек қатысты.
Талқылау жиыны барысында институт директорлары «Педагог мәртебесі туралы» заңының басты қағидаларына тоқталса, спикерлер Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласының басты идеологиясы мен негізгі ой-тұжырымдарын нақтылап берді.
Институттарда өткен жиындар барысында стратегиялық маңызы зор құжаттар қызу талқыға алынып, ұжым арасында үлкен қолдауға ие болды.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және |