Main
News
14.01.2020 Абай атындағы ҚазҰПУ университетті басқарудың инновациялық үлгісіне көшуге дайындалуда
2018 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ 2025 жылға арналған стратегиялық даму жоспары бойынша жұмыс істеуде. Бұл құжаттың негізгі міндеттерінің бірі басқарудың жаңа үлгісіне көшу болатын. Бұл үлгінің негізгі мазмұны - Бейінді көшбасшылық және Көлденең циклдық ұйымдық құрылымды енгізу (КЦҰҚ). Осы мақсатта университет кәсіби менеджер, менеджмент бойынша зерттеуші және бизнес кеңесші Озат Байсеркеевтің басшылығымен профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында тренингтер мен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Басқарудың жаңа үлгісін енгізудің соңғы нәтижесі - бюрократияны жою, басқаруға шын мәнінде бөлімдер мен олардың қызметкерлерін тарту.
Осы үлгіні енгізуде күтілетін нәтижелер: Икемді және жедел басқару; Профессор-оқытушылар құрамы мен Әкімшілік басқарма қызметкерлерінің жұмысын бағалаудың тиімді жүйесі; ПОҚ және ӘБҚ-ы ынталандыратын еңбекақы төлеу жүйесі; Жұмысқа қабылдаудың тиімді жүйесі; Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды оқуға қабылдау; Басқаруға профессор-оқытушылар құрамын тарту. Жалпы, институттардың және университеттің басқа да бөлімшелерінің қарқынды ұйымдастырушылық және академиялық дамуын арттыру.
Бүгінгі таңда университеттің қызметі келесідей тұжырымдалады: «Біз ең озық әдістер мен бағдарламаларға сүйене отырып, ХХІ ғасырдың педагогын дайындаймыз. Біздің түлектер - қазіргі заманғы оқушылардың тез өзгеретін қажеттіліктерін болжай алуға дайын мамандар. Біздің корпоративтік мәдениетіміз бен инфрақұрылымымыз студенттердің барлық мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі».
|