қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.01.2020

Қысқы мектеп: оқытушыларға арналған үздіксіз білім беру курстары


2020 жылдың 5-17 қаңтары аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар» Қысқы мектебі аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамына арналған біліктілікті арттыру курстары өткізілді.

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында www.bilimland.kz, www.itest.kz, www.imektep.kz білім беру ресурстарын қолдану бойынша оқыту тренингтері» тақырыбында (80 сағ.) Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институты информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының оқытушылары Бектас Бостанов, Нұржамал Ошанова университеттің профессор-оқытушылар құрамына курс өткізді.


Бағдарламаның мақсаты мұғалімнің іс-әрекетін жақсарту - интерактивті, тәрбие жұмысының формалары мен әдістерін, оларды сабақта да, сабақтан тыс уақытта да қолдану болып табылады.


Курста оқытушылар білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес кәсіби қызметті білу және түсіну дағдыларын, сандық технологияларды қолданып және ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, кәсіби міндеттерді шешуде мамандардың пәнаралық және ведомствоаралық өзара іс-шараларына қатысу, ақпараттық және библиографиялық мәдениет негізінде кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін түсіну және шешу қабілетін пысықтады.

 

Сабақ дәрістер мен практикалық сабақтар, қашықтықтан он-лайн режимінде оқыту түрінде өткізілді.

 

Курс тыңдаушылары типтік кәсіби міндеттерді шешу үшін педагогикалық өзара іс-қимыл технологиясын пайдаланумен байланысты мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.