Main
News
05.01.2020 Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтарды дайындау
Бүгінгі таңда Қазақстанда барлық азаматтар үшін ең көп талқыланатын және өзекті тақырыптардың бірі - орта білім мазмұнын жаңарту жүйесі болып табылады.
Отырысты Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев ашты. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова кіріспе сөз сөйледі. Олар көтерілген тақырыптың маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР БҒМ, еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарының, ДББҰ «НЗМ», Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, мектептер, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының облыстық және қалалық білім басқармаларының, педагогикалық колледждердің, «EDTECH-KZ» ХБО және басқа да мүдделі ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Іс-шарада келесі мәселелер қаралды: 2. Педагогикалық кадрларды даярлау мәселелері; 3. Орта білім берудің жаңартылған мазмұны; 4. Орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесі; 5. ХХІ ғасыр педагогтарын дайындаудың жаңа жолдары мен тетіктері; 6. Жалпы білім беретін мектепте білім сапасын басқару; 7. Салалық кадрларды даярлаудағы педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының сабақтастығы; 9. ХХІ ғасырдың сын-қатері контекстінде педагогтардың біліктілігін арттыру; 10. Мектептің оқу үрдісінде электрондық күнделіктер жүйесін енгізу; 11. Орта білімнің жаңартылған мазмұны бойынша студент-практиканттармен жұмыстың маңыздылығы; 12. Жас мұғалімдердің мектептерде білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізуге дайындығы.
Толық жұмыс күні ішінде БЖБ, ТЖБ және Күнделік.kz әзірлеушілерімен «жаңартудың» негізгі мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Қорытынды сөзінде Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев бұл талқылау алаңында барлық қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар болғандықтан, жарты жылда бір рет осындай кеңестерді өткізу туралы ұсыныс жасады.
|